Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов «Тілдерді дамыту орталығының» аға оқытушысы, ағылшын тілі пәнінің маманы Шынар Искакованы мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтады. Ақылбек Ұзақбайұлы жиырма жылдан астам уақыттан бері білім ордасында еңбек етіп келе жатқан ұстазға басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметовтің құттықтау хатын табыстады. Сонымен бірге мерейтой иесіне гүл шоқтарын табыстап, қазақы дәстүрмен камзол кигізіп, игі тілегін жеткізді. Өз кезегінде Шынар Ғилманқызы осындай құрмет көрсеткен университет басшылығы мен әріптестеріне ризашылығын жеткізді.
Ұстазды мерейлі жасымен құттықтады
19-08-2021
257
Көп оқылғандар
-
Жәңгір хан университетінің студенті Жанерке Сағындық бадминтоннан...
166 03.09.2026 -
Жәңгір хан университетінде алпыстан астам І курс...
128 02.10.2026 -
Жәңгір хан университетінде «Тайбурыл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы...
91 17.10.2026 -
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Жәңгір хан университетінің...
84 02.09.2026 -
Жәңгір хан университетінің ашық аспан астындағы музейі...
79 15.09.2026
Жоғары