Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ACeSYRI Зертханасы ашылу рәсімі өтті. ACeSYRI Зертханасы бұл соңғы буындағы 15 дербес компьютермен жабдықталған мультимедиялық класс. ACeSYRI Зертханасы Еуропалық Одактың Erasmus+ бағдарламасының аттас «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» ACeSYRI жобасы аясында қаржыландырылғанын ерекше атап өткіміз келеді. ACeSYRI жобасының командасы бұл Зертхана университетімізде жобаны жандандыруга жаңа серпін береді және зерттеу қызметіне жастарды көбірек тартуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
ACeSYRI Зертханасының ашылуы
15-12-2021
332
Көп оқылғандар
-
Жәңгір хан университетінің студенті Жанерке Сағындық бадминтоннан...
166 03.09.2026 -
Жәңгір хан университетінде алпыстан астам І курс...
128 02.10.2026 -
Жәңгір хан университетінде «Тайбурыл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы...
91 17.10.2026 -
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Жәңгір хан университетінің...
84 02.09.2026 -
Жәңгір хан университетінің ашық аспан астындағы музейі...
79 15.09.2026
Жоғары






