Мәселелік дәрістер өтті

Жәңгір хан университетінің «Ветеринария және агротехнология» институтында «Өсімдіктерді қорғау» және «Топырақтану» пәндерінен мәселелік дәрістер өтті.

 Дәрістер «6В08100 – Агрономия» БББ  2 және 4 курс студенттеріне PhD, доцент м.а. Ләйлә Қалиева мен магистр, аға оқытушы Меңдігүл Қуаналиеваның жетекшілігімен өткізілді. Студенттер «Назар Агро Трейд» компаниясының БҚО бойынша аймақтық директоры Артур Жиенғалиев жүргізген «Ауыл шаруашылық дақылдардың зиянды ағзаларымен өсімдік қорғау шаралары» және «Батыс Қазақстанның құрғақшылық климаты жағдайындағы қара қоңыр топырағы құнарлылығының проблемалары және оларды арттыру жолдары» тақырыптары бойынша дәрістерді тыңдады. Білім алушылар БҚО жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдары зиянды ағзаларының зияндылығы мен таралу ерекшеліктері және өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау әдістері туралы және топырақ құнарлылығын арттырудың ең тиімді тәсілі жайлы толық ақпарат алды. Сонымен қатар компанияның айналысатын құрылғыларымен танысып, оларды жұмыста қалай қолданатынын бейне көріністерден көрді. Мәселелік дәріс соңында болашақ мамандар өздерін кызықтырып жүрген сұрақтарын ашық қойып, өз мамандықтарына қызығушылық танытты.

Халықаралық олимпиадаға қатысты

Университетіміздегі «Ветеринария және агротехнология» институтының студенттері «Вавилов олимпиадасы-2025» халықаралық студенттік олимпиадасына онлайн форматта қатысты.

Бұл білім додасын Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университеті академик Н.И.Вавиловтың 138 жылдығына орай ұйымдастырды. Әлемнің әртүрлі елдерінен 17 команда өз бақтарын сынаған сайысқа қатысушылар алдымен географиялық карталармен жұмыс жасаса, екінші кезеңде тестілік тапсырмаларды орындады. Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің дайындық деңгейін бағалау, мамандандырылған пәндер бойынша алған білімдерін тереңдету және жүйелеу, академик ғалымның зерттеулеріне назар аударту.

«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламасында оқитын студенттер жоғары деңгейдегі дайындықтарымен қатар өз шешімдерін негіздеу және теориялық материалды тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде өздерінің сапалы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеген студенттерге Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінің сертификаттары мен дипломдары табысталды.

«ВетАгро»-да өткен олимпиада

Жәңгір хан университетінің «Ветеринария және агротехнология» институтында қазан-қараша айларында «Өсімдік шаруашылығы» БББ тобының студенттері арасында екі кезеңнен тұратын (тест, ауызша) студенттік пәндік олимпиада  өтті.

Білім сайысының мақсаты – студенттердің білімін тексеру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту, үздіктерді анықтау. Олимпиадаға 6В08100-Агрономия, 6В08102-Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары бойынша студенттер қатысты. Олар өздерінің кәсіби дағдыларын, пәндік білімдерін және ойлау қабілеттерін көрсетті. Үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар университеттің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.

Кешегі түлек – бүгінгі маман

Жәңгір хан университетінде «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының ұйымдастыруымен «ДСК Приоритет» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.

Шараға «Құрылыс  инженериясы», «Құрылыс материалдарын өндіру», «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттері қатысып, жол құрылысымен айналысатын аталмыш мекеменің атқаратын жұмысымен танысты. Алдымен сөз алған «ДСК Приоритет» ЖШС-ның Сынақ зертханасының басшысы Ерболат Тастенов компания туралы толық айтып өтіп, құрылыс саласында білім алып жүрген жастарды өндірістік тәжірибеден өтуге және тұрақты жұмысқа шақырды. Ал БҚАТУ түлегі, бүгінде компанияда инженер-зертханашы болып еңбек етіп жүрген Данияр Шаукенев жас мамандарда жұмыс жасаймын деген ниет болса, барлық мүмкіндіктер жасалатынын жеткізді.

Кездесу барысында қонақтар білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, жұмысшылардан ұқыптылық, өз міндетіне деген жауапкершілік талап етілетінін айтты.     

Мелекова Асель Талгатовна

🔹 Публикации в Scopus и Web of Science:

🔹 Публикации в Scopus:

  1. S.Yessengaliyeva, A.Tapalova, A.Melekova, N.Ibadildin, G.Kairliyeva, S.Serikbayev, K.Nursapina // «Development of a mechanism for managing the level of investment in the niokr of city-forming enterprises (by the example of the metallurgical industry)», «Transfer of technologies: industry, energy, nanotechnology» 3/13 ( 129 ), 2024, pp.16-22
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=59236955100

Процентиль в базе данных Scopus 35, Q3  (2023)

  • Raushan Gabdualiyeva, Altyn Esbulatova, Assel Melekova, Assel Tapalova, and Assel Jakupova, Strategic directions of state support of agriculture in the Republic of Kazakhstan, BIO Web of Conferences 2024, 82,05037 DOI https://doi.org/10.1051/bioconf/20248205037
  • Raushan Gabdualiyeva, Assel Melekova, Aigul Jakupova and Baktigul Bazarova, Digitalization of the agricultural sector in Kazakhstan.  

BIO Web of Conferences 2024, 82,05038 DOI https://doi.org/10.1051/bioconf/20248205038

🔹 Публикации в КОКНВО (Казахстанская база):

  1. Бабажанова Ж.А., Тапалова А.А., Мелекова А.Т.,Ибадильдин Н.А., Мукина Г.С. Өмір сүру деңгейімен сапалы өмір сүру деңгейі – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі санаттары//Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы РҚБ «Халық» Хабаршысы – № 1, 2024.-390-407бет. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.681
  2. Заманбекова А. Б., Давлеткалиева К. Б., Молдабекова Г. Б. 
    Мелекова А. Т., Тапалова А. А. Қазақстан республикасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту//Торайғыров университетінің ХАБАРШЫСЫ ‒ №1, 2025.-182-193бет. https://doi.org/10.48081/EPVW6050
  3. Атызова А.Ж., Мелекова А.Т., Кадринов М.Х., Сапарова Г.К.Қазақстан Республикасындағы аграрлық өндірісті қаржыландырудың қазіргі тенденциялары//Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ЖАРШЫСЫ ‒ №3 (60), 2025.-29-35бет.

DOI 10.52260/2304-7216.2025.3(60).3 

4. Нурсапина К.У., Кенжин Ж.Б., Мелекова А.Т., Казамбаева А.М. Өсімдік шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жаңғырту факторы ретінде
ауыл шаруашылығын цифрландыру//Торайғыров университетінің ХАБАРШЫСЫ ‒ №3, 2025.-312-325бет. https://doi.org/10.48081/VODF7337  

Жайтлеуова Асель Абзаловна

Жарияланымдар

Scopus және Web of Science базасындағы жарияланымдар:

  1. Экономикалық құлдырау жағдайында орта жастағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі // E3S Web of Conferences 449, 03010 (2023) PDSED 2023
    DOI: 10.1051/e3sconf/202344903010
    Авторлар: Назым Ахметжанова, Ассылбек Дұскалиев, Елназ Жанғалиева, Айжамал Айдарәлиева және Әсел Жайтлеуова

КОКНВО (Қазақстандық база) жарияланымдары:

  1. Колотырин К. П., Ахметжанова Н.А., Жайтлеуова А.А.
    Трансшекаралық агрокластерлерді қалыптастыру негізінде шағын және орта бизнесті дамыту.
    Ғылым және білім, том 3, №1 (70), 2023.
  2. Ержанова Ж.К., Ахметжанова Н.А., Жайтлеуова А.А.
    Қазақстанның сүт саласы: тиімділікті арттыру үрдістері.
    Аграрлық нарық мәселелері, №3 (141), 2023.

Басқа жарияланымдар:

  1. Қазақстан экономикасындағы мұнай-газ өнеркәсібінің рөлі.
    АПК кәсіпорындарының қызметін талдаудың экономикалық-математикалық әдістеріне арналған VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Вавилов атындағы университеттің 110 жылдығына орай.
    Саратов, 2023 жылдың 21 сәуірі.
  2. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мәселелері және цифрландыру.
    Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың мәселелері мен перспективалары атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
    Саратов, 2023 жылғы 7 желтоқсан.

Багисов Женис Жайлиевич

Жарияланымдар

🔹 Scopus және Web of Science-тегі жарияланымдар:

🔹 Scopus-тағы жарияланымдар:

  1. «Methods for Obtaining of Management Decisions during Evaluating the Controlled Parameters by Qualitative Categories» (article), CEUR Workshop Proceedings, vol.2654, pp. 402-420, 2020 SCOPUS, 30 November 2019, Al-Azzeh J., Litvinenko A., Kucherov D., Kashkevych I-F., Zh.Bagisov
  2. Experience of using SMART technologies in university education, The 16th International Cjnference on Electronics Computer and Computation (ICECCO 2021) , 25-26 November 2021, Kaskelen, Kazakhstan, Zhanargul Abuova Aizada Vakhitova Higher Anargul Bekenova Higher Ideyat Bapiyev Zhenis Bagisov
  3. METHOD FOR DETERMINING EFFECTIVE TYPES OF NEURAL NETWORK MODELS FOR RECOGNITION OF CYBER ATTACKS BASED ON PROCEDURAL RULES. Journal of Theoretical and Applied Information Technology 15th May 2022. Vol.100. No 9, ISSN: 1992-8645 www.jatit.org E-ISSN: 1817-3195. I. BAPIYEV  , A. KHAMZINA , A. KASSYMOVA  , G. KHAZHGALIYEVA, Zh Bagisov , V. RAMAZANOVA

🔹 БҒССҚКдағы жарияланымдар (Қазақстан деректер базасы):

1. «Информационная система для подготовки заявок на участие в грантовом финансировании ученых в научных проектах» Национальная академия наук Республики Казахстан, Казахский национальный университет имени аль-Фараби Хабарлары, № 1 (345) 2023, Алматы, Казахстан, Иксебаева Ж.С., Жетписов К., Медешова А.Б., Бапиев И.М.

2. Тыныкулова А.С., Муканова А.А., Иксебаева Ж.С., Багисов Ж., Тыныкулов М.К. Разработка и моделирование онтологической модели как метод эффективной оптимизации земельных ресурсов в сельском хозяйстве. Вестник КазАТК №4 (133), 2024, Алматы. С. 201-210. ISSN 1609-1817.

3. Багисов, З., Касимова, А., Исраилова, С., Камалова, Г., Амантурлина, Г. (2024). АРХИТЕКТУРА СИСТЕМ УПРАВЛЕНИЯ НА ОСНОВЕ ГИБРИДНОГО ИНТЕЛЛЕКТА: ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ К ОПТИМИЗАЦИИ ПРОЦЕССОВ. Вестник КазАТК , 135 (6), 223–231. https://doi.org/10.52167/1609-1817-2024-135-6-223-231

4. An informstion system for the preparation of applications for participation in grant funding of scientists in scientific projects. ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабарлары, № 1 (345) 2023 жыл, Алматы, Қазақстан, 94-106 б.б. Иксебаева Ж.С., Жетписов К.,Багисов Ж.Ж., Медешова А.Б., Бапиев И.М.

🔹 Басқа басылымдар:

  1. Artificial intelligence in Bisiness. Международная научно-практическая «Quality Management: Search and Solutions» Materials of the VII International Scientific-Practical Conference, 24-26 November 2021. Houston, USA. p. 210-215
  2. Гибридные интеллектуальные системы: особенности их развития. Материалы VII международной научно-практической конференции «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности », г. Нагоя, Япония  9-11 февраля 2022

Үшжақты меморандум

Жәңгір хан университеті әлеуметтік серіктестік орнату бағытында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасымен үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұл салтанатты рәсімге БҚАТУ оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нұркен Губашев, БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін у.а. Жанболат Жаншин, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанбаев қатысты.

Алдағы уақытта үш тарап кәсіби білімді мамандар даярлау, олардың тәжірибелік дағдысын жетілдіру, еліміздің игілігіне қызмет ету бағытында бірлесе жұмыстанатын болады.

Университеттердің әлемдік рейтингі QS: Азия – 2026 жарияланды

2026 жылғы QS Asia University Rankings рейтингіне Азияның 25 елінен (Қытай, Үндістан, Жапония, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия және т.б.) 1529 университет кірді.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia University Rankings 2026 рейтингіне қатысып, нәтижесінде Азияның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарынан лайықты =658 орынды иеленді. Сондай-ақ «QS Asia University Rankings 2026: Central Asia» рейтингінде 40-орында (https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings).

Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сонымен қатар рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.

«Алтын доп – 2025»

Университетіміздегі «Индустриалды-технологиялық институтының» оқытушылары мен студенттері арасында дәстүрлі «Алтын доп – 2025» футзал турнирі өткізілді.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту. Турнир қорытындысы бойынша 2-курс студенттерінің құрама командасы жеңіске жетті. Ал 1-курс студенттері екінші орынды иеленсе, ИТИ оқытушылар құрамы үшінші орынға тұрақтады. 

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тартысты ойын көрсетті. Спорттық шараны институты оқытушылары мен «Сұңқар» спорт клубы бірлесе ұйымдастырды.