БҚАТУ-ға Корея университетінің профессоры Song Soo Lim келді

Шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында Жәңгір хан университетінің Цифрлық экономика және тұрақты даму институтына Корея университетіндегі азық-түлік және ресурстар экономикасы кафедрасының профессоры, PhD доктор Song Soo Lim келді.

Профессор бакалавриат студенттері мен магистранттарға дәріс оқып, оқытушыларға арналған ғылыми семинар өткізді.

Кездесулер білім мен тәжірибе алмасуға, зерттеу тәсілдерін талқылауға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.