26.10.2020 ж. Экономика және аудит жоғары мектебінің аға оқытушылары Н.И. Тулеугалиева және А.А. Урынгалиевамен бірлесіп Бизнес-жоспарлау, Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәндерін оқитын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері бизнесті ұйымдастыру және жүргізу мәселелерімен танысу мақсатында “Атамекен” ҰКП БҚО Кәсіпкерлер палатасына барды. Студенттермен кездесуді БҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Сәуле Жұбаева өткізді. Кездесуде бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізу дағдылары, бизнес-жобаларды дайындау, бизнесті қаржыландыру жолдарын іздеу, “Еңбек” және “Бастау” бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі мәселелері көтерілді. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, бизнес-жобаларын іске асыру кезінде “Атамекен” ҰКП тарапынан көмек беру мен құжаттамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша сұрақтарды көтерді.
