Жәңгір хан университетінің түлегі Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Назгүл Серікқалиқызы Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Ол – 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды. 

2012 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымында менеджер, сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2021–2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының басшысы, 2022–2025 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры болды. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Дереккөз, фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жәңгір хан университетінде Қытай ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ақбөкендер популяциясының әсері және табиғи-экономикалық тәуекелдер жағдайында агробизнестің тұрақтылығын арттыру» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шара AP23486846 «Ақбөкендер популяциясының ауыл шаруашылығына әсерін экономикалық бағалау және келтірілген залалды азайту шараларын әзірлеу» ғылыми жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, аграрлық бизнестің, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Іс-шараның құрметті қонақтары – Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс орман университеті Жабайы табиғат және ерекше қорғалатын аумақтар колледжінің өкілдері болды. Олардың қатарында профессор Сюй Яньчунь, жабайы жануарлар аурулары мен паразитология саласының сарапшысы профессор Zhijun Hou және жабайы табиғатты зерттеу мен қорғау саласының маманы профессор Шухуэй Ян болды.

Сапар барысында қытайлық ғалымдар университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысып, генетика, ветеринария, жабайы жануарлардың аурулары, биоалуантүрлілікті сақтау және жануарларды қолда өсіру бағыттарында зерттеу жүргізетін ғалымдармен кездесті.

Семинар барысында ақбөкендер популяциясы өсуінің ауыл шаруашылығына әсерін бағалау, экономикалық залалды анықтау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын азайту, табиғи-экономикалық тәуекелдерді басқару және аграрлық бизнестің тұрақтылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Қатысушылар сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау, жұқпалы және паразиттік ауруларды зерттеу, генетикалық әдістерді қолдану, далалық зерттеулер ұйымдастыру және жануарларды табиғи мекендеу ортасынан тыс жағдайда сақтау тәсілдерін дамыту бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударды.

Сонымен қатар тараптар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен Қытайдың Солтүстік-Шығыс орман университеті арасында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми жарияланымдар дайындау, зерттеу тәжірибесімен алмасу және академиялық ұтқырлықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша ақбөкендердің ауыл шаруашылығына келтіретін залалын азайтуға бағытталған практикалық ұсыныстар ұсынылды. Қатысушылар биоалуантүрлілікті сақтау және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ғылым, мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық семинардың өткізілуі және қытайлық ғалымдардың сапары Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Ветеринария және агротехнология институты

1. Дайындық бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар

«Тағам өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламалары тобы (БББТ) – 1 оқытушы (магистр).

Индустриалды-технологиялық институт

1. Дайындық бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар

«Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» БББТ – 1 аға оқытушы (магистр немесе PhD докторы, ғылым кандидаты);

«Мұнай-газ ісі» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты), 1 оқытушы (магистр).

2. Дайындық бағыты: Сәулет және құрылыс

«Сәулет» БББТ – 1 аға оқытушы (магистр немесе PhD докторы, ғылым кандидаты);

«Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты), 1 оқытушы (магистр);

«Кадастр және жерге орналастыру» БББТ – 1 аға оқытушы (PhD докторы, ғылым кандидаты).

Политехникалық институт

1. Дайындық бағыты: Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау және «Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар» БББТ (Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі) – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 оқытушы (магистр).

2. Дайындық бағыты: Көлік қызметтері 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы),1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD),1 аға оқытушы (магистр).

3. Дайындық бағыты: Инженерия және инженерлік іс

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 1 аға оқытушы (магистр);

«Механика және металл өңдеу» БББТ (Тау-кен өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары; Машина жасау; Мехатроника; Робототехникалық жүйелер) – 3 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 3 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 3 аға оқытушы (магистр);

«Электротехника және энергетика» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 оқытушы (магистр);

«Электротехника және автоматтандыру» БББТ – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (магистр).

4. Дайындық бағыты: Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) – 1 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 1 аға оқытушы (ғылым кандидаты, PhD), 1 оқытушы (магистр).

5. Дайындық бағыты: Агроинженерия – 1 аға оқытушы (магистр).

6. Дайындық бағыты: Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау (Физика) – 1 аға оқытушы (магистр);

Цифрлық экономика және тұрақты даму институты

1. Дайындық бағыты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және «Ақпараттық технологиялар» БББТ – 2 қауымдастырылған профессор (доцент) (ғылым кандидаты, PhD докторы), 3 аға оқытушы (магистр), 2 оқытушы (магистр);

Гуманитарлық, спорттық және әскери даярлық факультеті

1. Пәндік мамандандыру бойынша педагогтерді даярлау:

– «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» БББТ – 4 аға оқытушы (магистр);

– «Алғашқы әскери даярлық мұғалімдерін даярлау» БББТ – 1 оқытушы;

– «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББТ – 1 оқытушы.

2. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау:

Биология (жас ерекшелік анатомиясы, физиология және гигиена) – 1 аға оқытушы (магистр).

3. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтерді даярлау

Әлеуметтік-саяси білім беру (тарих, әлеуметтану, психология) – 2 оқытушы (магистр).

4. Тілдер мен әдебиет бойынша педагогтерді даярлау:

– «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББТ (ағылшын тілі) – 3 оқытушы;

– «Орыс тілі» БББТ – 1 оқытушы.

Біліктілік талаптары

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):

  1. Бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  2. Бейіні бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы.

Аға оқытушы лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):

  1. Бейіні бойынша жоғары арнайы білімі және ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі кемінде 5 жыл.
  2. Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
  3. Бейіні бойынша ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық немесе өндірістік қызмет өтілі 3 жылға дейін.

Оқытушы лауазымына (төмендегі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс):

  1. Бейіні бойынша жоғары арнайы білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
  2. Бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Ректордың атына өтініш (еркін түрде);
  2. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  3. Өмірбаян;
  4. Жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды растайтын құжаттардың көшірмелері (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады);
  5. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмелері (бар болған жағдайда) және түпнұсқалары;
  6. Ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
  7. №075 нысанындағы медициналық анықтама.

Анықтама алу үшін мекенжай: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51, Индексі 090009, Әкімшілік корпус, Персоналмен жұмыс басқармасы.

Телефон: 8 (7112) 50-24-63.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 21 тамыз, сағат 18:00-ге дейін.

Жәңгір хан университетінің түлектері диплом алды

Жәңгір хан университетінде биылғы оқу жылының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шарада басқарма және институт басшылығы, профессор-оқытушылар түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі. Университет қабырғасында аграрлық, ветеринарлық, техникалық, құрылыс, машина жасау, көлік сервисі, IT, экономика салалары бойынша түрлі мамандықты игерген түлектердің еліміздің дамуына өз үлестерін қосарына сенім білдірді.

Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқан студенттерге куәліктер табысталып, жастар арасындағы қоғамдық белсенділікті арттыруға және оқу ордасының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше түлекке алғысхат пен Құрмет грамотасы берілді. Білімді әрі белсенді студенттердің ата-анасы алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар түлектерге офицер шені табысталды.

Биыл білім ордасы 1 094 жас маманды үлкен өмірге жолдады. Олар бакалавриаттың 37, магистратураның 18 және докторантураның екі мамандығы бойынша білім алып, оқуын сәтті аяқтады. Оның ішінде 52 түлек үздік дипломға ие болды. Бұл – университеттегі сапалы білім мен жүйелі даярлықтың нәтижесі.

Жалпы 1 007 түлек – бакалавриат, 85 түлек – магистратура және екі түлек – докторантура бағдарламасы бойынша білім алды.

Айта өтейік, 1-8 шілде күндері аралығында бакалавриат, магистратура, қашықтан оқыту технологиясы мамандықтарын тәмамдаған түлектерге диплом табысталды.

Сапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірістеріндегі технохимиялық бақылау

ТақырыбыСапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірістеріндегі технохимиялық бақылау
Курс авторыЖаксыгалиева Дарига Сериккалиевна  –  аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыБілімалушыларға өндірісіті технохимиялық бақылау,өнімнің сапасы және қауіпсіздігін, стандарттаудың негізгі талаптарын, сонымен қатар технохимиялық бақылау жүргізу үшін құрал-жабдықтарды қолдануды үйрету.
Күтілетін нәтижеӨңдеу өндірісінде қолданылатын технохимиялық бақылаудың құралдары мен әдістерін білу. Құрамды бақылау, сынақтар мен зерттеулер арқылы өнімнің сапасын тексеру. Сапа бақылау процесін ұйымдастыру;  Өндіріс процесіндегі сапаны басқару және бақылауды ұйымдастыру әдістерін білу. Технохимиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар мен құралдарды таңдауды үйрену.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1.   Өнім сапасы және сапа көрсеткіштері. Тақырып  2.   Жаңа орылған астықты қабылдауға техникалық базаның дайындығын тексеру Тақырып  3.   Элеватордағы және астық қабылдау кәсіпорындарындағы технохимиялық бақылау Тақырып  4.   Сақталатын астық өнімдері және сақтау жағдайларын тексеру      Тақырып  5.   Жіберілетін астық өнімдерінің сапасын технохимиялық бақылау Тақырып  6.   Ұн және жарманы сақтауда технохимиялық бақылау Тақырып  7.   Ұн зауытында технохимиялық бақылау: астықты өндіріске жіберуде, қабылдауда, сақтауда, ұн шығымы мөлшерін және сапасын бақылау Тақырып  8.   Жарма зауыттарындағы технохимиялық бақылау  Тақырып  9.    Өсімдік майы өндірісін технохимиялық бақылау Тақырып 10.   Құрама жем өндірісін технохимиялық бақылау Тақырып  11.   Нан өндірісінің негізгі және қосымша шикізатының сапасын бақылау Тақырып  12.   Нан өндірісін цех бойынша бақылау сызбасы     Тақырып  13.   Макарон өндірісінде қолданылатын қосымша  шикізат  сапасын талдау Тақырып  14.   Кондитер өндірісін технохимиялық бақылау Тақырып  15.   Қант және крахмал-сірне өндірісін технохимиялық бақылау

Тағам өнеркәсібі салаларының жалпы технологиясы

ТақырыбыТағам өнеркәсібі салаларының жалпы технологиясы
Курс авторыЖаксыгалиева Дарига Сериккалиевна  –  аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыТағам өнімдерінің  технологиясында  терең теориялық білім беруді қалыптастыру; рационалды технологиялық үрдістерді жүргізу және ұйымдастыру;  тағам шикізатын өңдеу технологиясын;  тағам өнімдерін өндіру үшін рецептураларды құрастыруды; тағам өнімдерінің заманауи технологиясын игеру.
Күтілетін нәтижеТағам және жартылай өнімдер шикізатының өңдеудің технологиялық әдістерін; тағам шикізатының және дайын өнімнің негізгі сипаттамаларын; тағам өнімдерін салқындату және мұздату әдістерін;  тағам өнімдерінің сапасын бақылау үшін үлгілерді алу; тағам өнімдерінің сапасын зерттеу; тағам өндірісіндегі техника мен технологияларды,  тағам өнімдерін өндірудің жолдары мен сызбаларын; жылулық өңдеу әдістерін; өнімдердің ақауларын болдырмау жолдарын; тағам өнімдерін сақтау әдістерін білу мен түсіну;
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1.    Дәнді дақылдардың морфологиялық сипаттамасы, анатомиялық құрылымы және құрамы Тақырып  2.    Астықтың тауарлық жіктелуі. Сыныптары, типтер және түр тармақтары Тақырып  3.   Астық массасының негізгі қасиеттері мен сапа көрсеткіштері. Тақырып  4.    Нан және нан өнімдерінің негізгі шикізаттары және оның сапасын талдау, баға беру      Тақырып  5.    Нан және нан өнімдерінің қосымша шикізаттары және оның сапасын талдау, баға беру Тақырып  6.    Макарон өндірісінің жалпы технологиясы Тақырып  7.    Өсімдік майы өндірісінің жалпы технологиясы Тақырып  8.    Өсімдік майларын алу тәсілдері Тақырып  9.     Құрама жем өндірісінің жалпы технологиялары Тақырып 10.    Крахмал және крахмал өнімдерінің жалпы технологиясы Тақырып  11.    Кондитер өндірісінің жалпы технологиясы Тақырып  12.    Қант өндірісінің жалпы технологиясы Тақырып  13.    Уыт өндірісінің жалпы технологиялары Тақырып  14.    Тағамдық қоспалар Тақырып  15.    Дәмдеуіштер, бояғыштар

Почвоведение

ТемаПочвоведение
Автор курсаРахимгалиева Сауле Жоламановна – ассоц.проф., канд.с-х наук
Цель курса  Теоретическая подготовка агрономов в области почвоведения. Почва является основным средством производства и частью экологической системы. Почвы, будучи природным телом, в процессе окультуривания становится продуктом труда. Ее плодородие является динамичным показателем, в зависимости  от правильного проведения таких мероприятии, как системы обработки и удобрений, соблюдение севооборотов, правильная эксплуатация мелиорированных земель, мероприятий по охране от деградации, засоления и других негативных явлений.
Ожидаемый результатБлагодаря полученным знаниям обучающиеся получают навыки распознавания типов и подтипов почв различных природно-климатических зон региона и навыки применения знаний по систематике почв в повседневной практической работе, так как для каждой почвы характерны свой особенности по морфологическим, физико-химическим, химическим, агрохимическим свойствам и солевому режиму. Получат навыки по составлению таблиц согласна систематического списка почв по зональным и интрозональным почвам Казахстана.
ФорматКурс рассчитан на 15 недель, включает видеолекции и задания.
ПланТема 1.  Введение Тема 2.  Почвообразовательный процесс. Тема 3.  Почвообразующие породы Тема 4.  Минералогический состав почвы Тема 5.  Органическая часть почвы Тема 6.  Гранулометрический (механический) состав почв Тема 7.  Общефизические свойства почв Тема 8.  Физические и физико-механические свойства почвы Тема 9.  Поглотительная способность почв Тема 10. Почвы степной зоны Тема 11. Почвы сухо-степной зоны Тема 12. Засолённые почвы. Солонцы Тема 13. 5. Солончаки Тема 14. Плодородие почв. Тема 15. Агротехнические приемы повышения плодородия почв

Цветоводство и декоративное древоводство

Тема  Цветоводство и декоративное древоводство
Автор курсаСарсенгалиев Ринат Самиголлович – и.о. доцента, кандидат сельскохозяйственных наук
Цель курса  – овладеть глубокими теоретическими знаниями ассортимента цветочных культур открытого (однолетников, двулетников и многолетников) и закрытого грунта (используемых для срезки, выгонки, декоративного оформления интерьеров);
– дать глубокие теоретические и практические знания особенностей использования цветочных растений в зеленом строительстве и в условиях закрытого грунта;
– сформировать практические навыки размножения и выращивания красивоцветущих и декоративно-лиственных, вьющихся и ампельных растений открытого и закрытого грунта.
Ожидаемый результат– знание морфологических и биологических особенностей красивоцветущих и декоративно лиственных растений, используемых в цветоводстве; – практическое применение агротехники выращивания декоративных растений в открытом и закрытом грунте на основе знания их биологии развития и экологии; – применение современных методов размножения цветочных растений в производстве ; – получение необходимых знаний (теоретические  и практические) для самостоятельного научного обоснования особенностей использования цветочных растений на объектах садово-паркового строительства с учетом конкретных условий их выращивания и для фитодизайна закрытой среды.
ФорматКурс рассчитан на 15 недель, включает видеолекции и задания.
ПланТема 1: Краткий обзор развития истории цветоводства  Тема 2: Морфологические особенности цветочных культур. Тема 3: Факторы среды в условиях открытого и защищенного грунта. Тема 4: Агротехника возделывания и уход за цветочными растениями  Тема 5: Размножение цветочных культур открытого и закрытого грунта. Тема 6: Выращивание цветочных культур открытого и закрытого грунта. Тема 7: Уход за цветочными культурами открытого и закрытого грунта Тема 8: Производственные площади для выращивания цветочных культур  Тема 9: Однолетние цветочные культуры открытого грунта  Тема 10: Общая характеристика и агротехника выращивания двулетних цветочных культур  Тема 11: Общая характеристика и агротехника выращивания многолетних цветочных культур  Тема 12: Декоративные цветочные культуры защищенного грунта. Тема 13: Технология выращивания цветочных растений, имеющих промышленное значение  Тема 14: Выгонка луковичных растений, этапы выгонки  Тема 15: Общие приемы использования клумбовых растений в озеленении 

Экономикалық принциптер

Пән Экономикалық принциптер
Курс авторыГабдуалиева Раушан Смадиновна– профессор, экономика ғылымдарының докторы
Курс мақсатыБұл курстың мақсаты — білім алушыларға макроэкономиканың негізгі ұғымдарын түсінікті әрі жүйелі түрде меңгерту, нарықтық экономикадағы негізгі құбылыстарды талдауға үйрету және мемлекеттік экономикалық саясаттың қоғам мен экономикаға әсерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижеКурс аяқталғаннан кейін білім алушылар макроэкономиканың негізгі ұғымдарын, атап айтқанда нарық, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық цикл, ақша нарығы, бюджет-салық саясаты, халықаралық сауда, төлем балансы және валюталық бағам түсініктерін жүйелі түрде түсіндіруге қабілетті болады. Білім алушылар ЖІӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, баға индекстері, экспорт, импорт, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнін түсініп, олардың экономикадағы рөлін сипаттайды. Нарықтың құлдырауы, инфляцияның өсуі, жұмыссыздықтың көбеюі және валюталық бағамның өзгеруі сияқты экономикалық құбылыстардың себептері мен салдарын талдайды. Курс нәтижесінде білім алушылар бюджет-салық саясаты, ақша-несие саясаты, әлеуметтік қолдау шаралары, сауда саясаты және валюталық реттеу құралдарының экономикаға ықпалын түсіндіріп, олардың тиімділігін бағалайды. Білім алушылар AD-AS, IS-LM және Кейнс моделі сияқты негізгі макроэкономикалық модельдерді қолдана отырып, экономикадағы тепе-теңдік жағдайын, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзгерісін, сондай-ақ ақша және тауар нарықтарындағы өзара байланысты түсіндіреді. Практикалық тапсырмалар мен нақты өмірлік мысалдар негізінде білім алушылар инфляция, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, халықаралық сауда және төлем балансы мәселелеріне талдау жасау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар мемлекеттің экономикалық шараларының артықшылықтары мен шектеулерін салыстырып, олардың қоғамға, бизнеске және жалпы экономикалық тұрақтылыққа әсерін бағамдайды.  
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар, презентация, оқулықтар, кері байланыс, форум, сауалнама мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаМодуль 1. Қоғамдық және мемлекеттік сектордың жұмыс істеу қағидаттары Тақырып 1. Нарықтың “құлдырауы” және мемлекеттік реттеу қажеттілігі Тақырып 2. Экономикалық қызмет нәтижелерін ӛлшеу. Баға индекстері Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар Тақырып 4. Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық және инфляция Тақырып 5. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік: AD-AS моделі Тақырып 6. Тауар нарығындағы Макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнстің кірістер мен шығыстар моделі Тақырып 7. Тауар және ақша нарықтарындағы Макроэкономикалық тепетеңдік. IS-LM моделі Модуль 2. Макроэкономикалық саясат қағидаттары Тақырып 8. Бюджет-салық саясаты Тақырып 9. Ақша нарығы: ақшаға сұраныс, ақша ұсынысы, ақша нарығындағы тепетеңдік Тақырып 10. Банк жүйесі. Несие-ақша саясаты Тақырып 11. Ұсынысты ынталандыру саясаты Тақырып 12. Экономикалық ӛсу. Макроэкономикалық саясат модельдерін таңдау Тақырып 13 Халықаралық сауда теориясы. Сауда саясаты Тақырып 14. Тӛлем балансы. Валюталық бағам Тақырып 15. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды басқару