13 наурыз күні онлайн форматта дипломатиялық өкілдіктің ұйымдастыруымен «Заковат» зияткерлік ойыны аясында Қазақстанда оқитын Өзбекстан Республикасының азаматтары (студенттер) арасында «Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің Кубогы-2024» турнирі ұйымдастырылды. Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулдығы ғимаратындағы іс-шараға «Заковат» зияткерлік клубы директорының орынбасары Сайдакром Расулев пен клуб бөлімшесінің меңгерушісі Хазіретәлі Әбдунасимов қатысты. Өзбекстанның мемлекеттік әнұранын орындаудан басталған іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінде, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде оқитын студенттердің төрт командасы қатысты. Осы турнирді өткізгені үшін Бас консулдыққа алғысымызды білдіреміз.
Өзбекстаннан келген студенттер қатысты
02-04-2024
297
Көп оқылғандар
-
Жәңгір хан университетінің түлегі Назгүл Хатепова ауыл...
125 30.07.2026 -
Жәңгір хан университетінің студенті Жанерке Сағындық бадминтоннан...
117 03.09.2026 -
Спорт ардагері Ғариф Сатиев Жәңгір хан университетіне...
76 28.08.2026 -
Жәңгір хан университетінде Қытай ғалымдарының қатысуымен халықаралық...
63 29.07.2026 -
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Жәңгір хан университетінің...
32 02.09.2026
Жоғары