2021 жылдың 11-қарашасында Агротехнологиялық институтының «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің ЗКР-41 тобының студенттері Аспен Орынбаевтың және Алия Кушенбекованың жетекшілігімен «Өсімдіктерді қорғау әдістері», «Өсімдік қорғау мен карантиннің заңдылық және нормативтік негіздері» пәндерінен практикаға бағытталған сабақтар өтті. Білім алушылар «World Green Company» ЖШС-не барып, жылыжайда көкөніс дақылдарының голландық өсіру технологиясының ерекшелігі және сол дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау әдістері жөнінде толық ақпарат алды. Сонымен қатар білім алушылар жылыжайдағы машина-құралдармен танысып, жұмыс барысын өз көздерімен көріп қайтты. Практикаға бағытталған сабақ барысында болашақ мамандар өз сұрақтарын қойып, мамандықтарына қызығушылықтары артқанын байқатты.
Жылыжайда практикаға бағытталған сабақ өтті
12-11-2021
226
Көп оқылғандар
-
Жәңгір хан университетінің түлегі Назгүл Хатепова ауыл...
125 30.07.2026 -
Жәңгір хан университетінің студенті Жанерке Сағындық бадминтоннан...
117 03.09.2026 -
Спорт ардагері Ғариф Сатиев Жәңгір хан университетіне...
76 28.08.2026 -
Жәңгір хан университетінде Қытай ғалымдарының қатысуымен халықаралық...
63 29.07.2026 -
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Жәңгір хан университетінің...
32 02.09.2026
Жоғары




