Университеттердің әлемдік рейтингі QS: Азия – 2027 жарияланды

2027 жылғы QS Asia University Rankings рейтингіне Азияның 26 елінен (Қытай, Үндістан, Жапония, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия және т.б.) 1722 университет кірді.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia University Rankings 2027 рейтингіне қатысып, нәтижесінде Азияның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарынан лайықты 761-770 орынды иеленді. Сондай-ақ «QS Asia University Rankings 2027: Central Asia» рейтингінде 50-орында (https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings).

Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сонымен қатар рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.