| Тақырыбы | « Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру принциптері » пәні туралы ақпарат |
| Курс авторы | Мурзабаев Кенжебек Есмагамбетович – в.ғ.к., қауымдастырылған профессор |
| Курс мақсаты | Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру принциптері» пәні «Ветеринария және агротехнология» институтының «Ветеринария» БББ білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға оқытылады. Пән білім алушылардың эпизоотологиялық ойлау қабілетін қалыптастыруға, жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу, оларды балау, оқшаулау және жою бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру принциптері» пәнінің мақсаты – жануарлардың жұқпалы аурулары кезінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негіздерін меңгерту, эпизоотиялық процестің заңдылықтарын, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жоспарлау мен жүргізу қағидаларын оқыту. Эпизоотиялық ахуалды дұрыс бағалау, ауру ошақтарында тиімді жұмыс ұйымдастыру, ветеринариялық мониторинг нәтижелерін талдау және нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар эпизоотиялық жағдайды бағалау, індет ошақтарында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану, эпизоотияға қарсы іс-шараларды жоспарлау және олардың тиімділігін бағалау дағдыларын игереді. Сонымен қатар, олар ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтай отырып, жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының алдын алу және оларды жою бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыруды үйренеді. Әрбір тақырып бойынша негізгі теориялық материалдар, практикалық тапсырмалар, өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар және білім алушылардың пәнді терең меңгеруіне бағытталған оқу-әдістемелік материалдар ұсынылған. |
| Күтілетін нәтиже | «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру принциптері» пәні жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуы мен таралу заңдылықтарын, оларды алдын алу, оқшаулау, жою және эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ғылыми негізде зерттейді. Пәнді оқу барысында білім алушылар эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу, эпизоотиялық жағдайды бағалау, індет ошақтарында ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлау және жүргізу, ветеринариялық мониторинг пен диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану бойынша қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, эпизоотияға қарсы іс-шараларды тиімді ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік жағдайда жедел ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау бойынша кәсіби құзыреттіліктер қалыптастырылады. |
| Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Пәнге кіріспе Тақырып 2. Эпизоотия және эпизоотиялық процесс Тақырып 3. Жұқпалы аурулардың эпизоотологиясы Тақырып 4. Эпизоотиялық жағдайды талдау Тақырып 5. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жоспарлау Тақырып 6. Ветеринариялық-санитариялық шаралар Тақырып 7. Карантин және шектеу іс-шаралары Тақырып 8. Вакцинация және иммунопрофилактика Тақырып 9. Эпизоотологиялық мониторинг Тақырып 10. Инфекциялық ауруларды диагностикалау Тақырып 11. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация Тақырып 12. Жануарларды тасымалдау кезіндегі эпизоотиялық қауіпсіздік Тақырып 13. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі Тақырып 14. Халықаралық эпизоотиялық талаптар Тақырып 15. Эпизоотия ошағындағы ұйымдастыру жұмыстары |
https://youtube.com/channel/UCxZuRyb9JatYKmR7FWUhvhQ?si=AjBSbJf5_XC4y0tB